Quran Apps in many lanuages:

Surah Ya-Seen Ayahs #59 Translated in Kazakh

إِنَّ أَصْحَابَ الْجَنَّةِ الْيَوْمَ فِي شُغُلٍ فَاكِهُونَ
Ақиқатында, жәннаттықтар ол күні қуаныш пен рахаттан босамайды
هُمْ وَأَزْوَاجُهُمْ فِي ظِلَالٍ عَلَى الْأَرَائِكِ مُتَّكِئُونَ
Олар және олардың жұбайлары көлеңкелердегі перделермен сәнденген жұмсақ сәкілерде сүйеніп отырады
لَهُمْ فِيهَا فَاكِهَةٌ وَلَهُمْ مَا يَدَّعُونَ
Олар үшін онда жемістер бар әрі қалаған нәрселері бар
سَلَامٌ قَوْلًا مِنْ رَبٍّ رَحِيمٍ
Ерекше Мейірімді әр-Рахим Раббысынан оларға амандасу сөзі «Сәләм!» болады
وَامْتَازُوا الْيَوْمَ أَيُّهَا الْمُجْرِمُونَ
Қиямет күні кәпірлерге : «Ей, қылмыскерлер! Сендер бүгін бөлек тұрыңдар

Choose other languages: