Quran Apps in many lanuages:

Surah Muhammad Ayahs #28 Translated in Kazakh

أَفَلَا يَتَدَبَّرُونَ الْقُرْآنَ أَمْ عَلَىٰ قُلُوبٍ أَقْفَالُهَا
Олар Құранға зер салып қарамай ма? Әлде олардың жүректері құлыптаулы ма
إِنَّ الَّذِينَ ارْتَدُّوا عَلَىٰ أَدْبَارِهِمْ مِنْ بَعْدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمُ الْهُدَى ۙ الشَّيْطَانُ سَوَّلَ لَهُمْ وَأَمْلَىٰ لَهُمْ
Ақиқатында, өздеріне тура жол анықталғаннан кейін арттарына қайтқандарға шайтан имансыздықты көркем етіп көрсетті әрі өтірік үмітке! иландырды
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ قَالُوا لِلَّذِينَ كَرِهُوا مَا نَزَّلَ اللَّهُ سَنُطِيعُكُمْ فِي بَعْضِ الْأَمْرِ ۖ وَاللَّهُ يَعْلَمُ إِسْرَارَهُمْ
Бұлай болуы, олардың Аллаһтың түсіргенін жаман көрушілерге: «Біз кейбір істе сендерге бағынамыз», деп айтқандығы себебінен. Аллаһ олардың не жасырғандарын біледі
فَكَيْفَ إِذَا تَوَفَّتْهُمُ الْمَلَائِكَةُ يَضْرِبُونَ وُجُوهَهُمْ وَأَدْبَارَهُمْ
Періштелер олардың жандарын алғанда, беттері мен арқаларынан ұрғанда қалай болмақ
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمُ اتَّبَعُوا مَا أَسْخَطَ اللَّهَ وَكَرِهُوا رِضْوَانَهُ فَأَحْبَطَ أَعْمَالَهُمْ
Мұның себебі олардың Аллаһтың қаһарын шақыратын нәрселерге еруі және Оның ризалығын Ол ұнатқан істерді жаман көрулерінен. Сондықтан Ол Аллаһ олардың амалдарын пайдасыз, бекер етті

Choose other languages: