Quran Apps in many lanuages:

Surah Maryam Ayahs #48 Translated in Kazakh

يَا أَبَتِ لَا تَعْبُدِ الشَّيْطَانَ ۖ إِنَّ الشَّيْطَانَ كَانَ لِلرَّحْمَٰنِ عَصِيًّا
Әй, әкешім! Шайтанға табынба! Анығында, шайтан, әр-Рахманға аса Қайырымдыға бойсұнбаушы болды
يَا أَبَتِ إِنِّي أَخَافُ أَنْ يَمَسَّكَ عَذَابٌ مِنَ الرَّحْمَٰنِ فَتَكُونَ لِلشَّيْطَانِ وَلِيًّا
Әй, әкешім! Мен саған әр-Рахманнан азап тиіп, шайтанға жақын болып қалуыңнан қорқамын», деді
قَالَ أَرَاغِبٌ أَنْتَ عَنْ آلِهَتِي يَا إِبْرَاهِيمُ ۖ لَئِنْ لَمْ تَنْتَهِ لَأَرْجُمَنَّكَ ۖ وَاهْجُرْنِي مَلِيًّا
Әкесі : «Ей, Ибраһим! Сен менің құдайларымнан бас тартасың ба? Егер, тыйылмасаң, менің сөгісіме ұшырайсың. Менен біраз уақыт аулақ жүр», деді
قَالَ سَلَامٌ عَلَيْكَ ۖ سَأَسْتَغْفِرُ لَكَ رَبِّي ۖ إِنَّهُ كَانَ بِي حَفِيًّا
Ибраһим : «Саған амандық болсын. Мен сен үшін Раббымнан кешірім тілеймін. Шын мәнінде, Ол маған Мейірбан
وَأَعْتَزِلُكُمْ وَمَا تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَأَدْعُو رَبِّي عَسَىٰ أَلَّا أَكُونَ بِدُعَاءِ رَبِّي شَقِيًّا
Әрі мен сендерден және сендердің Аллаһтан өзге тілейтіндеріңнен араны ашамын әрі Раббымнан тілеймін. Раббыма сиынып, тілек етуімде бақытсыз болмауды үміт етемін»,- деді

Choose other languages: