Quran Apps in many lanuages:

Surah Maryam Ayahs #27 Translated in Kazakh

فَأَجَاءَهَا الْمَخَاضُ إِلَىٰ جِذْعِ النَّخْلَةِ قَالَتْ يَا لَيْتَنِي مِتُّ قَبْلَ هَٰذَا وَكُنْتُ نَسْيًا مَنْسِيًّا
Сонда, толғақ оны бір құрма ағашының діңіне алып келді. Ол: «Қап, бұдан бұрын өліп кетсем әрі мүлдем ұмытылған болсам еді», деді
فَنَادَاهَا مِنْ تَحْتِهَا أَلَّا تَحْزَنِي قَدْ جَعَلَ رَبُّكِ تَحْتَكِ سَرِيًّا
Періште оған төменгі жақтан үн қатып: «Қайғырма! Раббың аяқ астыңнан бастау ағызды
وَهُزِّي إِلَيْكِ بِجِذْعِ النَّخْلَةِ تُسَاقِطْ عَلَيْكِ رُطَبًا جَنِيًّا
Құрманың діңін өзіңе қарай сілкі. Саған жаңа піскен кұрма түседі
فَكُلِي وَاشْرَبِي وَقَرِّي عَيْنًا ۖ فَإِمَّا تَرَيِنَّ مِنَ الْبَشَرِ أَحَدًا فَقُولِي إِنِّي نَذَرْتُ لِلرَّحْمَٰنِ صَوْمًا فَلَنْ أُكَلِّمَ الْيَوْمَ إِنْسِيًّا
Құрмадан же, су іш әрі тыныштыққа болен! Егер адамдардан біреуді көрсең: «Мен әр-Рахман аса Мейірімді үшін ауыз бекітуге нәзір атадым. Енді бүгін ешбір адаммен сөйлеспеймін», деп айт»,- деді
فَأَتَتْ بِهِ قَوْمَهَا تَحْمِلُهُ ۖ قَالُوا يَا مَرْيَمُ لَقَدْ جِئْتِ شَيْئًا فَرِيًّا
Ол оны көтеріп еліне келді. Олар: «Ей, Мэриям! Сен шошынарлық нәрсе келтірдің

Choose other languages: