Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #94 Translated in Kazakh

وَاسْتَغْفِرُوا رَبَّكُمْ ثُمَّ تُوبُوا إِلَيْهِ ۚ إِنَّ رَبِّي رَحِيمٌ وَدُودٌ
Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер, содан кейін істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Оғанбойсұнуға қайтыңдар тәубеге келіңдер . Ақиқатында, Раббым ерекше Мейірімді, жақсы көруші»
قَالُوا يَا شُعَيْبُ مَا نَفْقَهُ كَثِيرًا مِمَّا تَقُولُ وَإِنَّا لَنَرَاكَ فِينَا ضَعِيفًا ۖ وَلَوْلَا رَهْطُكَ لَرَجَمْنَاكَ ۖ وَمَا أَنْتَ عَلَيْنَا بِعَزِيزٍ
Олар: «Ей, Шұғайып! Біз сен айтқанның көбін түсінбейміз. Әрі сені арамызда әлсіз көреміз. Егер де ағайындарың болмағанда, саған қатты ұрысушы едік. Сондай-ақ, сенің біздің алдымызда қадірің жоқ», деді
قَالَ يَا قَوْمِ أَرَهْطِي أَعَزُّ عَلَيْكُمْ مِنَ اللَّهِ وَاتَّخَذْتُمُوهُ وَرَاءَكُمْ ظِهْرِيًّا ۖ إِنَّ رَبِّي بِمَا تَعْمَلُونَ مُحِيطٌ
Ол: «Әй, елім! Сендерге менің ағайындарым Аллаһтан қадірлі ме? Сендер оны Аллаһтың бұйрықтарын ІШ арттарыңда қалдырдыңдар. Ақиқатында, Раббым не істеп жатқандарыңды Қамтушы
وَيَا قَوْمِ اعْمَلُوا عَلَىٰ مَكَانَتِكُمْ إِنِّي عَامِلٌ ۖ سَوْفَ تَعْلَمُونَ مَنْ يَأْتِيهِ عَذَابٌ يُخْزِيهِ وَمَنْ هُوَ كَاذِبٌ ۖ وَارْتَقِبُوا إِنِّي مَعَكُمْ رَقِيبٌ
Әй, елім! Әрекеттеріңді білгендеріңше жалғастыра беріңдер, мен де әрекет етушімін. Қорлайтын азаптың кімге келетінін және кімнің өтірікші екенін жақында білесіңдер. Енді күтіңдер! Мен де сендермен бірге күтушімін», деді
وَلَمَّا جَاءَ أَمْرُنَا نَجَّيْنَا شُعَيْبًا وَالَّذِينَ آمَنُوا مَعَهُ بِرَحْمَةٍ مِنَّا وَأَخَذَتِ الَّذِينَ ظَلَمُوا الصَّيْحَةُ فَأَصْبَحُوا فِي دِيَارِهِمْ جَاثِمِينَ
Ал, әміріміз келген кезде, Шұғайып және онымен бірге иманға келгендерді Өз мейірімімізбен құтқардық. Әрі әділетсіздік еткендерге бір сайха тұтты. Сөйтіп, олар үйлерінде етпеттеген күйде қалды

Choose other languages: