Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #89 Translated in Kazakh

وَيَا قَوْمِ أَوْفُوا الْمِكْيَالَ وَالْمِيزَانَ بِالْقِسْطِ ۖ وَلَا تَبْخَسُوا النَّاسَ أَشْيَاءَهُمْ وَلَا تَعْثَوْا فِي الْأَرْضِ مُفْسِدِينَ
Әй, елім! Өлшеуді және таразыға тартуды әділдікпен, толық орындаңдар және адамдардың заттарын өлшеуде кемітпеңдер! Әрі жер бетінде бұзушылық жасап бүлдірмеңдер
بَقِيَّتُ اللَّهِ خَيْرٌ لَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ ۚ وَمَا أَنَا عَلَيْكُمْ بِحَفِيظٍ
Егер иманды болсаңдар, Аллаһтың сендерге қалдырғаны өздерің үшін қайырлы. Ал, мен сендерді күзетуші емеспін», деді
قَالُوا يَا شُعَيْبُ أَصَلَاتُكَ تَأْمُرُكَ أَنْ نَتْرُكَ مَا يَعْبُدُ آبَاؤُنَا أَوْ أَنْ نَفْعَلَ فِي أَمْوَالِنَا مَا نَشَاءُ ۖ إِنَّكَ لَأَنْتَ الْحَلِيمُ الرَّشِيدُ
Олар: «Ей, Шұғайып! Ата-бабаларымыз табынып келгенге табынуды немесе өз дүниелерімізге қалағанымызды істеуден бас тартуымызды, саған сенің намазың бұйыра ма? Негізінде, сен «ұстамды, тура жолды тапқан адамсың», деді келеке етіп
قَالَ يَا قَوْمِ أَرَأَيْتُمْ إِنْ كُنْتُ عَلَىٰ بَيِّنَةٍ مِنْ رَبِّي وَرَزَقَنِي مِنْهُ رِزْقًا حَسَنًا ۚ وَمَا أُرِيدُ أَنْ أُخَالِفَكُمْ إِلَىٰ مَا أَنْهَاكُمْ عَنْهُ ۚ إِنْ أُرِيدُ إِلَّا الْإِصْلَاحَ مَا اسْتَطَعْتُ ۚ وَمَا تَوْفِيقِي إِلَّا بِاللَّهِ ۚ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ وَإِلَيْهِ أُنِيبُ
Ол Шұғайып : «Әй, елім! Айтыңдаршы, егер мен Раббым тарапынан анық дәлел үстінде болсам және Ол маған жақсы бір ризық берген болса, мен сендерге тыйым салған нәрсені өзім істеп, сендерге айтқаныма өзім кереғар келуді қаламаймын. Негізінде, мен шамам жеткенше, түзетуді ғана қалаймын. Әрі менің табысты болуым маған көмек тек бір Аллаһтан. Мен Аллаһқа • жүгініп, өзімді Оған тапсырдым тәуекел еттім , әрі істеген күнәм үшін шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтамын тәубе етемін
وَيَا قَوْمِ لَا يَجْرِمَنَّكُمْ شِقَاقِي أَنْ يُصِيبَكُمْ مِثْلُ مَا أَصَابَ قَوْمَ نُوحٍ أَوْ قَوْمَ هُودٍ أَوْ قَوْمَ صَالِحٍ ۚ وَمَا قَوْمُ لُوطٍ مِنْكُمْ بِبَعِيدٍ
Ей, елім! Менімен келіспей бөлінулерің, сендерді Нұх елі, не Һүд елі немесе Салих елі ұшыраған сияқтыға ұшыратпасын! Әрі Лұт елі де сендерден алыс емес

Choose other languages: