Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #61 Translated in Kazakh

فَإِنْ تَوَلَّوْا فَقَدْ أَبْلَغْتُكُمْ مَا أُرْسِلْتُ بِهِ إِلَيْكُمْ ۚ وَيَسْتَخْلِفُ رَبِّي قَوْمًا غَيْرَكُمْ وَلَا تَضُرُّونَهُ شَيْئًا ۚ إِنَّ رَبِّي عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ حَفِيظٌ
Егер теріс бұрылсаңдар, мен шынында сендерге немен жіберілсем, соны өздеріңе жеткіздім. Әрі Раббым сендерді басқалармен алмастырады да, сендер Оған ешбір зиян келтіре алмайсыңдар. Ақиқатында, Раббым әрбірнәрсені Сақтаушы», деді
وَلَمَّا جَاءَ أَمْرُنَا نَجَّيْنَا هُودًا وَالَّذِينَ آمَنُوا مَعَهُ بِرَحْمَةٍ مِنَّا وَنَجَّيْنَاهُمْ مِنْ عَذَابٍ غَلِيظٍ
Әміріміз келген кезде, Һұдты және онымен бірге иманға келгендерді Өзіміздің мейірімімізбен құтқардық әрі Біз оларды ауыр азаптан құтқардық
وَتِلْكَ عَادٌ ۖ جَحَدُوا بِآيَاتِ رَبِّهِمْ وَعَصَوْا رُسُلَهُ وَاتَّبَعُوا أَمْرَ كُلِّ جَبَّارٍ عَنِيدٍ
Міне, осы Ад елі өздерінің Раббысының белгі дәлелдерін теріске шығарды және Оның елшілеріне бағынбады. Әрі олар әрбір өктемшіл қасарушының әміріне ерді
وَأُتْبِعُوا فِي هَٰذِهِ الدُّنْيَا لَعْنَةً وَيَوْمَ الْقِيَامَةِ ۗ أَلَا إِنَّ عَادًا كَفَرُوا رَبَّهُمْ ۗ أَلَا بُعْدًا لِعَادٍ قَوْمِ هُودٍ
Олар осы өмірде де және Қайта тірілу күні де лағнетте қалды. Біліңдер, Ад елі өздерінің Раббысына күпірлік етті сенбеді, қарсы келді .Һұдтың қауымы Аддықтар Аллаһтың мейірімінен алыстатылсын
وَإِلَىٰ ثَمُودَ أَخَاهُمْ صَالِحًا ۚ قَالَ يَا قَوْمِ اعْبُدُوا اللَّهَ مَا لَكُمْ مِنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُ ۖ هُوَ أَنْشَأَكُمْ مِنَ الْأَرْضِ وَاسْتَعْمَرَكُمْ فِيهَا فَاسْتَغْفِرُوهُ ثُمَّ تُوبُوا إِلَيْهِ ۚ إِنَّ رَبِّي قَرِيبٌ مُجِيبٌ
Сәмүд еліне ағайындары Салихті жібердік . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер. Сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол, сендерді жерден шығарды әрі онда орналастырды. Одан кешірім тілеңдер әрі істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтыңдар тәубеге келіндер . Ақиқатында, Раббым өте Жақын, тілейтіндерге Жауап беруші», деді

Choose other languages: