Quran Apps in many lanuages:

Surah Ghafir Ayahs #85 Translated in Kazakh

أَفَلَمْ يَسِيرُوا فِي الْأَرْضِ فَيَنْظُرُوا كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ ۚ كَانُوا أَكْثَرَ مِنْهُمْ وَأَشَدَّ قُوَّةً وَآثَارًا فِي الْأَرْضِ فَمَا أَغْنَىٰ عَنْهُمْ مَا كَانُوا يَكْسِبُونَ
Олар иманға келмегендер жер бетінде жүрмеді ме, өздерінен бұрынғылардың ақыры қалай болғанын немен біткенін көрмеді ме? Олардың бұларға қарағанда күш-қуаты және жер бетінде артында қалдырғандары мықты еді. Олар бұларға қарағанда көбірек еді және күш-қуатымен әрі жер бетінде артында қалдырған іздерімен де мықты еді. Бірақ тапқандары оларға пайда бермеді
فَلَمَّا جَاءَتْهُمْ رُسُلُهُمْ بِالْبَيِّنَاتِ فَرِحُوا بِمَا عِنْدَهُمْ مِنَ الْعِلْمِ وَحَاقَ بِهِمْ مَا كَانُوا بِهِ يَسْتَهْزِئُونَ
Оларға елшілер анық дәлелдермен келгенде, олар өздеріндегі бар білімге мәз болып, масаттанды. Сонда оларды, өздері мазақ етіп күлген нәрселері орап алды бастарына жетті
فَلَمَّا رَأَوْا بَأْسَنَا قَالُوا آمَنَّا بِاللَّهِ وَحْدَهُ وَكَفَرْنَا بِمَا كُنَّا بِهِ مُشْرِكِينَ
Олар Біздің азабымызды көргенде: «Біз Аллаһтың жалғыз Өзіне сендік және Оған серік етіп таңғандарымыздан бас тартамыз», деді
فَلَمْ يَكُ يَنْفَعُهُمْ إِيمَانُهُمْ لَمَّا رَأَوْا بَأْسَنَا ۖ سُنَّتَ اللَّهِ الَّتِي قَدْ خَلَتْ فِي عِبَادِهِ ۖ وَخَسِرَ هُنَالِكَ الْكَافِرُونَ
Алайда олардың азабымызды көрген кезде иманға келулері өздеріне пайда бермеді. Аллаһтың құлдарына қатысты бекіткен жолы заңдылығы осындай. Міне, сонда кәпірлер зиянға ұшырады

Choose other languages: