Quran Apps in many lanuages:

Surah Ghafir Ayahs #7 Translated in Kazakh

غَافِرِ الذَّنْبِ وَقَابِلِ التَّوْبِ شَدِيدِ الْعِقَابِ ذِي الطَّوْلِ ۖ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۖ إِلَيْهِ الْمَصِيرُ
күнәні кешіруші әрі істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтқанды тәубені Қабылдаушы, жаза беруде қатты, мол игілік Иесінен. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Қайту -Оған
مَا يُجَادِلُ فِي آيَاتِ اللَّهِ إِلَّا الَّذِينَ كَفَرُوا فَلَا يَغْرُرْكَ تَقَلُّبُهُمْ فِي الْبِلَادِ
Ей, Мұхаммед! Аллаһтың аяттары жөнінде сондай күпірлік етушілер Аллаһқа қарсы келушілер ғана тартысады. Олардың елдерде айналып жүруі сені алдап қоймасын
كَذَّبَتْ قَبْلَهُمْ قَوْمُ نُوحٍ وَالْأَحْزَابُ مِنْ بَعْدِهِمْ ۖ وَهَمَّتْ كُلُّ أُمَّةٍ بِرَسُولِهِمْ لِيَأْخُذُوهُ ۖ وَجَادَلُوا بِالْبَاطِلِ لِيُدْحِضُوا بِهِ الْحَقَّ فَأَخَذْتُهُمْ ۖ فَكَيْفَ كَانَ عِقَابِ
(Олардан бұрын Нұхтың елі әрі олардан кейінгі солар секілді топтар да елшілерді жалғанға шығарды. Әрбір үммет өздеріне келген Елшіні ұстауды өлтіруді )көздеген еді. Олар өтірік арқылы ақиқатты теріске шығару үшін тартысты. Сонда Мен оларды ұстадым жазаға тарттым . Менің жазалауым қандай екен
وَكَذَٰلِكَ حَقَّتْ كَلِمَتُ رَبِّكَ عَلَى الَّذِينَ كَفَرُوا أَنَّهُمْ أَصْحَابُ النَّارِ
Міне, осылай күпірлік етушілердің иманға келмегендердің Отқа түсетіндігі ту­ралы Раббыңның сөзі шындыққа айналды
الَّذِينَ يَحْمِلُونَ الْعَرْشَ وَمَنْ حَوْلَهُ يُسَبِّحُونَ بِحَمْدِ رَبِّهِمْ وَيُؤْمِنُونَ بِهِ وَيَسْتَغْفِرُونَ لِلَّذِينَ آمَنُوا رَبَّنَا وَسِعْتَ كُلَّ شَيْءٍ رَحْمَةً وَعِلْمًا فَاغْفِرْ لِلَّذِينَ تَابُوا وَاتَّبَعُوا سَبِيلَكَ وَقِهِمْ عَذَابَ الْجَحِيمِ
Аршыны көтеріп тұратындар және оның айналасындағылар өздерінің Раббысын барлық кемшіліктен пәк деп дәріптеп, мақтайды, Оған сенеді әрі имандылар үшін кешірім сұрап: «Раббымыз! Сенің мейірімің мен білімің әрбір нәрсені ішіне алып қамтыған. Істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайтқан тәубеге келген және Өзіңнің жолыңа ергендерді кешір әрі оларды Жаһим тозағының азабынан сақтай гөр

Choose other languages: