Quran Apps in many lanuages:

Surah Fussilat Ayahs #30 Translated in Kazakh

وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لَا تَسْمَعُوا لِهَٰذَا الْقُرْآنِ وَالْغَوْا فِيهِ لَعَلَّكُمْ تَغْلِبُونَ
Әрі күпірлік етушілер Құраннан теріс бұрылушылар! «Бұл Құранды тыңдамаңдар және оған байланысты бос сөзді сөйлеңдер. Сонда мүмкін жеңіске жетерсіңдер», деді
فَلَنُذِيقَنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا عَذَابًا شَدِيدًا وَلَنَجْزِيَنَّهُمْ أَسْوَأَ الَّذِي كَانُوا يَعْمَلُونَ
Біз күпірлік етушілерге Аллаһқа қарсы келушілерге міндетті түрде қатты азапты таттырамыз әрі оларға істеген істерінің ең жаманының қайтарым жазасын береміз
ذَٰلِكَ جَزَاءُ أَعْدَاءِ اللَّهِ النَّارُ ۖ لَهُمْ فِيهَا دَارُ الْخُلْدِ ۖ جَزَاءً بِمَا كَانُوا بِآيَاتِنَا يَجْحَدُونَ
Міне, Аллаһтың жауларының қайтарым жазасы От. Біздің аяттарымызды, белгілерімізді теріске шығарғандары үшін оларға ол жерде тозақта қайтарым жаза ретінде мәңгілік тұрақ бар
وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا رَبَّنَا أَرِنَا اللَّذَيْنِ أَضَلَّانَا مِنَ الْجِنِّ وَالْإِنْسِ نَجْعَلْهُمَا تَحْتَ أَقْدَامِنَا لِيَكُونَا مِنَ الْأَسْفَلِينَ
Әрі сондай күпірлік еткендер иманға келмегендер : «Раббымыз! Бізді адастырған жындар мен адамдардан болған екеуін корсет, біз оларды ең төмендетілгендерден болулары үшін табандарымыздың астына тастайық», дейді
إِنَّ الَّذِينَ قَالُوا رَبُّنَا اللَّهُ ثُمَّ اسْتَقَامُوا تَتَنَزَّلُ عَلَيْهِمُ الْمَلَائِكَةُ أَلَّا تَخَافُوا وَلَا تَحْزَنُوا وَأَبْشِرُوا بِالْجَنَّةِ الَّتِي كُنْتُمْ تُوعَدُونَ
Ақиқатында: «Раббымыз Аллаһ» деп, кейін туралықты ұстанғандарға періштелер түсіп: «Қорықпаңдар және қайғырмаңдар әрі сендерге уәде етілген жәннатқа қуаныңдар

Choose other languages: