Surah Az-Zamar Ayahs #5 Translated in Kazakh
تَنْزِيلُ الْكِتَابِ مِنَ اللَّهِ الْعَزِيزِ الْحَكِيمِ
Бұл Кітаптың Құранның түсірілуі, бәрінен Үстем , аса Дана Аллаһтан
إِنَّا أَنْزَلْنَا إِلَيْكَ الْكِتَابَ بِالْحَقِّ فَاعْبُدِ اللَّهَ مُخْلِصًا لَهُ الدِّينَ
Ей, Мұхаммед! Шын мәнінде Біз, саған бұл Кітапты ақиқатпен түсірдік. Сондықтан дінді бойсұну мен ғибадатты кез келген қоспалардан серік қосу, риядан тазартып, Аллаһқа құлшылық ет
أَلَا لِلَّهِ الدِّينُ الْخَالِصُ ۚ وَالَّذِينَ اتَّخَذُوا مِنْ دُونِهِ أَوْلِيَاءَ مَا نَعْبُدُهُمْ إِلَّا لِيُقَرِّبُونَا إِلَى اللَّهِ زُلْفَىٰ إِنَّ اللَّهَ يَحْكُمُ بَيْنَهُمْ فِي مَا هُمْ فِيهِ يَخْتَلِفُونَ ۗ إِنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي مَنْ هُوَ كَاذِبٌ كَفَّارٌ
Біліндер! Таза дін тек Аллаһтікі. Ал, Онымен қатар басқаны қамқоршы тұтқандар: «Біз бұларға, олардың бізді Аллаһқа жақындатулары үшін ғана табынамыз», дейді. Ақиқатында, Аллаһ олардың тартысқан мәселелеріне қатысты араларына үкім шығарады. Анығында, өтірікшіні, қасарысқан күпірлік етушіні Аллаһтың аяттарын, белгі-дәлелдерін теріске шығарушыны Аллаһ тура жолға салмайды
لَوْ أَرَادَ اللَّهُ أَنْ يَتَّخِذَ وَلَدًا لَاصْطَفَىٰ مِمَّا يَخْلُقُ مَا يَشَاءُ ۚ سُبْحَانَهُ ۖ هُوَ اللَّهُ الْوَاحِدُ الْقَهَّارُ
Егер де Аллаһ бала алуды қалағанда, онда Өзі жаратқандарының ішінен қалағанын таңдап алар еді. Ол барлық кемшіліктен пәк. Ол Аллаһ Жалғыз, бәрін Бағындырушы
خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ بِالْحَقِّ ۖ يُكَوِّرُ اللَّيْلَ عَلَى النَّهَارِ وَيُكَوِّرُ النَّهَارَ عَلَى اللَّيْلِ ۖ وَسَخَّرَ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ ۖ كُلٌّ يَجْرِي لِأَجَلٍ مُسَمًّى ۗ أَلَا هُوَ الْعَزِيزُ الْغَفَّارُ
Ол аспандар мен жерді ақиқатпен жаратты. Ол түнмен күндізді орайды, ал күндізбен түнді орайды. Әрі Ол күн мен айды бағындырды. Әрқайсысы белгіленген мерзімге дейін қозғалады. Біліңдер! Ол бәрінен Үстем, көп Кешіруші
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
