Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #123 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَكُونُوا مَعَ الصَّادِقِينَ
Ей, иманға келгендер! Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар және шын сөзділермен бірге болыңдар
مَا كَانَ لِأَهْلِ الْمَدِينَةِ وَمَنْ حَوْلَهُمْ مِنَ الْأَعْرَابِ أَنْ يَتَخَلَّفُوا عَنْ رَسُولِ اللَّهِ وَلَا يَرْغَبُوا بِأَنْفُسِهِمْ عَنْ نَفْسِهِ ۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ لَا يُصِيبُهُمْ ظَمَأٌ وَلَا نَصَبٌ وَلَا مَخْمَصَةٌ فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَلَا يَطَئُونَ مَوْطِئًا يَغِيظُ الْكُفَّارَ وَلَا يَنَالُونَ مِنْ عَدُوٍّ نَيْلًا إِلَّا كُتِبَ لَهُمْ بِهِ عَمَلٌ صَالِحٌ ۚ إِنَّ اللَّهَ لَا يُضِيعُ أَجْرَ الْمُحْسِنِينَ
Медине тұрғындарына және оның маңайындағы бәдәуилерге, Аллаһ Елшісінен қалып қоюларына, сондай-ақ, өз жандарын оның жанынан артық көрулеріне болмайды. Мұның себебі, олар Аллаһ жолында шөлге душар болса, шаршап-шалдықса және бір аштыққа ұшыраса әрі кәпірлерді ызаландыратын бір жерді басып өтсе және жаудан бір нәрсені қолға түсірсе, онда оларға осы үшін ізгі амал жазылады. Шын мәнінде, Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын зая кетірмейді
وَلَا يُنْفِقُونَ نَفَقَةً صَغِيرَةً وَلَا كَبِيرَةً وَلَا يَقْطَعُونَ وَادِيًا إِلَّا كُتِبَ لَهُمْ لِيَجْزِيَهُمُ اللَّهُ أَحْسَنَ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Олар аз не көп дүние жұмсамасын және бір алқапты кесіп өтпесін, Аллаһ оларға қайтарым сыйын, істегендерінен жақсы етіп беруі үшін міндетті түрде бүл оларға жазылады
وَمَا كَانَ الْمُؤْمِنُونَ لِيَنْفِرُوا كَافَّةً ۚ فَلَوْلَا نَفَرَ مِنْ كُلِّ فِرْقَةٍ مِنْهُمْ طَائِفَةٌ لِيَتَفَقَّهُوا فِي الدِّينِ وَلِيُنْذِرُوا قَوْمَهُمْ إِذَا رَجَعُوا إِلَيْهِمْ لَعَلَّهُمْ يَحْذَرُونَ
Имандылардың жорыққа бәрі бірдей аттануларына болмайды. Олардың әр бөлігінен бір топтың шығып дінді үйренулері және оралған кездерінде адамдарға олардың сақтанулары үшін насихат етулеріне жеткілікті
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا قَاتِلُوا الَّذِينَ يَلُونَكُمْ مِنَ الْكُفَّارِ وَلْيَجِدُوا فِيكُمْ غِلْظَةً ۚ وَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ مَعَ الْمُتَّقِينَ
Ей, иманға келгендер! Маңайларыңдағы кәпірлермен соғысыңдар. Олар сендер­ден бір қатаңдық байқасын. Әрі күмәнсіз, Аллаһтың тақуалармен Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылармен! бірге екенін біліңдер

Choose other languages: