Quran Apps in many lanuages:

Surah Ash-Shu'ara Ayahs #65 Translated in Kazakh

فَلَمَّا تَرَاءَى الْجَمْعَانِ قَالَ أَصْحَابُ مُوسَىٰ إِنَّا لَمُدْرَكُونَ
Екі топ бірін-бірі көрген кезде, Мұсаның жанындағылар: «Анығында, бізге қуып жететін болды», деді
قَالَ كَلَّا ۖ إِنَّ مَعِيَ رَبِّي سَيَهْدِينِ
Мұса : «Жоқ, олай емес! Ақиқатында, Раббым менімен. Ол маған жол көрсетеді», -деді
فَأَوْحَيْنَا إِلَىٰ مُوسَىٰ أَنِ اضْرِبْ بِعَصَاكَ الْبَحْرَ ۖ فَانْفَلَقَ فَكَانَ كُلُّ فِرْقٍ كَالطَّوْدِ الْعَظِيمِ
Сонда Біз Мұсаға: «Таяғыңмен теңізді ұр», деп уахи еттік. Сол кезде ол теңіз екіге жарылып, әр бөлігі үлкен таудай болды
وَأَزْلَفْنَا ثَمَّ الْآخَرِينَ
Әрі Біз ол жерге басқаларды фиръаундықтарды жақындаттық
وَأَنْجَيْنَا مُوسَىٰ وَمَنْ مَعَهُ أَجْمَعِينَ
Әрі Біз Мұсаны және онымен бірге болғандарды барлығын құтқардық

Choose other languages: