Quran Apps in many lanuages:

Surah As-Saaffat Ayahs #103 Translated in Kazakh

وَقَالَ إِنِّي ذَاهِبٌ إِلَىٰ رَبِّي سَيَهْدِينِ
Оттан аман шыққан соң Ибраһим : «Мен өзімнің Раббыма барамын, Ол мені тура жолмен жүргізеді
رَبِّ هَبْ لِي مِنَ الصَّالِحِينَ
Раббым! Маған ізгілерден тарту ет», деді
فَبَشَّرْنَاهُ بِغُلَامٍ حَلِيمٍ
Сонда Біз оны өте ұстамды бір ұлмен сүйіншіледік
فَلَمَّا بَلَغَ مَعَهُ السَّعْيَ قَالَ يَا بُنَيَّ إِنِّي أَرَىٰ فِي الْمَنَامِ أَنِّي أَذْبَحُكَ فَانْظُرْ مَاذَا تَرَىٰ ۚ قَالَ يَا أَبَتِ افْعَلْ مَا تُؤْمَرُ ۖ سَتَجِدُنِي إِنْ شَاءَ اللَّهُ مِنَ الصَّابِرِينَ
Ол ұлы оның өзімен бірге жүріп, әрекет етуге жеткен кезде, ол: «Әй, балам! Мен түсімде сені құрбандыққа шалып жатқанымды көремін. Байқап қарашы, сен не ойлайсың?» деді. Ол: «Әкешім! Өзіңе бұйырылғанды орында. Аллаһ қаласа, мені сабырлылардан табасың», деді
فَلَمَّا أَسْلَمَا وَتَلَّهُ لِلْجَبِينِ
Сөйтіп, екеуі де бойсұнып, ол оны маңдайын жерге тигізіп жатқызған кезде

Choose other languages: