Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qamar Ayahs #28 Translated in Kazakh

فَقَالُوا أَبَشَرًا مِنَّا وَاحِدًا نَتَّبِعُهُ إِنَّا إِذًا لَفِي ضَلَالٍ وَسُعُرٍ
Олар: «Біз өз арамыздағы бір адамға ереміз бе? Онда біз әлбетте адасуда және ессіздікте боламыз
أَأُلْقِيَ الذِّكْرُ عَلَيْهِ مِنْ بَيْنِنَا بَلْ هُوَ كَذَّابٌ أَشِرٌ
Ескерту уахи біздің арамыздан тек соған ғана түсірілді ме? Негізінде, ол менменсінген өтірікші», деді
سَيَعْلَمُونَ غَدًا مَنِ الْكَذَّابُ الْأَشِرُ
Олар ертең-ақ шектен шыққан өтірікшінің кім екенін біледі
إِنَّا مُرْسِلُو النَّاقَةِ فِتْنَةً لَهُمْ فَارْتَقِبْهُمْ وَاصْطَبِرْ
«Біз оларға сынақ ретінде түйені жібереміз. Сен оларды байқа да не істейтіндерін күтіп сабыр ет
وَنَبِّئْهُمْ أَنَّ الْمَاءَ قِسْمَةٌ بَيْنَهُمْ ۖ كُلُّ شِرْبٍ مُحْتَضَرٌ
Оларға судың араларында бөлінгенін хабарла. Әркімге су алу кезегі белгіленген»

Choose other languages: