Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Kahf Ayahs #102 Translated in Kazakh

قَالَ هَٰذَا رَحْمَةٌ مِنْ رَبِّي ۖ فَإِذَا جَاءَ وَعْدُ رَبِّي جَعَلَهُ دَكَّاءَ ۖ وَكَانَ وَعْدُ رَبِّي حَقًّا
Ол Зұлқарнайын : «Бұл Раббымнан бір мейірім. Раббымның уәдесі келгенде, оны жермен-жексен етеді. Раббымның уәдесі шындыққа айналады»,- деді
وَتَرَكْنَا بَعْضَهُمْ يَوْمَئِذٍ يَمُوجُ فِي بَعْضٍ ۖ وَنُفِخَ فِي الصُّورِ فَجَمَعْنَاهُمْ جَمْعًا
Сол күні Біз оларды бір-бірімен лек-легімен араласқан түрде қоямыз. Әрі сүр үріліп, Біз олардың барлығын жинаймыз
وَعَرَضْنَا جَهَنَّمَ يَوْمَئِذٍ لِلْكَافِرِينَ عَرْضًا
Сол күні кәпірлерге тозақты анық көрсетеміз
الَّذِينَ كَانَتْ أَعْيُنُهُمْ فِي غِطَاءٍ عَنْ ذِكْرِي وَكَانُوا لَا يَسْتَطِيعُونَ سَمْعًا
солар, көздері Менің еске салуымнан перделенгендер және оны ести алмайтындар
أَفَحَسِبَ الَّذِينَ كَفَرُوا أَنْ يَتَّخِذُوا عِبَادِي مِنْ دُونِي أَوْلِيَاءَ ۚ إِنَّا أَعْتَدْنَا جَهَنَّمَ لِلْكَافِرِينَ نُزُلًا
Сол күпірлік етушілер Раббысына серік қосушылар Менің орныма құлдарымды қамқоршылар етіп алуды ойлады ма? Анығында, Біз, Жаһаннамды кәпірлер үшін тұрақ етіп әзірледік

Choose other languages: