Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Kahf Ayahs #79 Translated in Kazakh

قَالَ أَلَمْ أَقُلْ لَكَ إِنَّكَ لَنْ تَسْتَطِيعَ مَعِيَ صَبْرًا
Хидр : «Мен саған менімен бірге болуға сабыр ете алмайсың деп айтпадым ба?»- деді
قَالَ إِنْ سَأَلْتُكَ عَنْ شَيْءٍ بَعْدَهَا فَلَا تُصَاحِبْنِي ۖ قَدْ بَلَغْتَ مِنْ لَدُنِّي عُذْرًا
Мұса : «Егер бұдан кейін сенен бір нәрсе сұрасам, мені өзіңе серік етпей-ақ қой. Менің алдын сұраған кешірімімді қабыл еткен едің»
فَانْطَلَقَا حَتَّىٰ إِذَا أَتَيَا أَهْلَ قَرْيَةٍ اسْتَطْعَمَا أَهْلَهَا فَأَبَوْا أَنْ يُضَيِّفُوهُمَا فَوَجَدَا فِيهَا جِدَارًا يُرِيدُ أَنْ يَنْقَضَّ فَأَقَامَهُ ۖ قَالَ لَوْ شِئْتَ لَاتَّخَذْتَ عَلَيْهِ أَجْرًا
Сөйтіп олар жолға шықты. Бір ауылдың тұрғындарына келген кезде, олардан тамақ сұрады. Ал, олар, екеуін қонақ етуден бас тартты. Екеуі сол жердегі құлағалы тұрған бір дуалды көрді. Сонда ол Хидр оны тұрғызып қойды. Мұса : «Егер қаласаң, бұл үшін ақы алар едің»,- деді
قَالَ هَٰذَا فِرَاقُ بَيْنِي وَبَيْنِكَ ۚ سَأُنَبِّئُكَ بِتَأْوِيلِ مَا لَمْ تَسْتَطِعْ عَلَيْهِ صَبْرًا
Хидр : «Міне, мені мен сен екеуміздің арамыздың айрылуы осы. Енді саған өзің сабыр ете алмаған жайттардың мән-жайынан хабар берейін
أَمَّا السَّفِينَةُ فَكَانَتْ لِمَسَاكِينَ يَعْمَلُونَ فِي الْبَحْرِ فَأَرَدْتُ أَنْ أَعِيبَهَا وَكَانَ وَرَاءَهُمْ مَلِكٌ يَأْخُذُ كُلَّ سَفِينَةٍ غَصْبًا
Кемеге қатысты, ол теңізде кәсіп ететін кедейлердікі еді. Мен оған бір нұқсан келтіргім келді, өйткені, олардың алдында әрбір жарамды кемені тартып алушы бір патша бар еді

Choose other languages: