Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hajj Ayahs #74 Translated in Kazakh

أَلَمْ تَعْلَمْ أَنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ مَا فِي السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ ۗ إِنَّ ذَٰلِكَ فِي كِتَابٍ ۚ إِنَّ ذَٰلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرٌ
Аллаһтың аспан мен жердегінің барлығын білетінін сен білмейсің бе? Ақиқатында бұл Кітапта бар. Шын мәнінде бұл Аллаһқа жеңіл
وَيَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ مَا لَمْ يُنَزِّلْ بِهِ سُلْطَانًا وَمَا لَيْسَ لَهُمْ بِهِ عِلْمٌ ۗ وَمَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ نَصِيرٍ
Әрі олар Аллаһтың орнына, Ол ешбір дәл ел түсірмеген әрі өздерінде ол жай­лы білімі болмаған нәрсеге табынады. Әділетсіздерге көмек беруші болмайды
وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ آيَاتُنَا بَيِّنَاتٍ تَعْرِفُ فِي وُجُوهِ الَّذِينَ كَفَرُوا الْمُنْكَرَ ۖ يَكَادُونَ يَسْطُونَ بِالَّذِينَ يَتْلُونَ عَلَيْهِمْ آيَاتِنَا ۗ قُلْ أَفَأُنَبِّئُكُمْ بِشَرٍّ مِنْ ذَٰلِكُمُ ۗ النَّارُ وَعَدَهَا اللَّهُ الَّذِينَ كَفَرُوا ۖ وَبِئْسَ الْمَصِيرُ
Ей, Мұхаммед! Ал, Оларға анық аяттарымыз оқылған кезде, күпірлік етушілердің оны мойындамаушылардың жүзінен теріске шығаруды байқайсың. Олар өздеріне аяттарымызды оқығандарға қарсы күш көрсетуге дайын. Айт: «Сендерге бұдан жаман нәрсені хабарлайын ба? Ол От. Аллаһ оны күпірлік етушілерге имансыздарға уәде етті. Ол баратын жердің өте жаманы»,- деп
يَا أَيُّهَا النَّاسُ ضُرِبَ مَثَلٌ فَاسْتَمِعُوا لَهُ ۚ إِنَّ الَّذِينَ تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ لَنْ يَخْلُقُوا ذُبَابًا وَلَوِ اجْتَمَعُوا لَهُ ۖ وَإِنْ يَسْلُبْهُمُ الذُّبَابُ شَيْئًا لَا يَسْتَنْقِذُوهُ مِنْهُ ۚ ضَعُفَ الطَّالِبُ وَالْمَطْلُوبُ
Ей, адамдар! Бір мысал келтірілді, енді оған құлақ салыңдар. Негізінде, солар, Аллаһтан өзге тілек етіп табынғандарыңның, барлығы бірігіп жиналса да ешқашан бір шыбынды да жарата алмайды. Егер шыбын олардан бір нәрсені алып кететін болса, олар одан шыбыннан оны кері қайтарып ала алмайды. Талап етуші де, талап етілуші де әлсіз
مَا قَدَرُوا اللَّهَ حَقَّ قَدْرِهِ ۗ إِنَّ اللَّهَ لَقَوِيٌّ عَزِيزٌ
Олар Аллаһты, Оны қадіріне сай лайықты түрде бағалаған қадірлеген жоқ. Ақиқатында, Аллаһ өте Күшті, аса Үстем

Choose other languages: