Surah Al-Hajj Ayahs #9 Translated in Kazakh
يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنْ كُنْتُمْ فِي رَيْبٍ مِنَ الْبَعْثِ فَإِنَّا خَلَقْنَاكُمْ مِنْ تُرَابٍ ثُمَّ مِنْ نُطْفَةٍ ثُمَّ مِنْ عَلَقَةٍ ثُمَّ مِنْ مُضْغَةٍ مُخَلَّقَةٍ وَغَيْرِ مُخَلَّقَةٍ لِنُبَيِّنَ لَكُمْ ۚ وَنُقِرُّ فِي الْأَرْحَامِ مَا نَشَاءُ إِلَىٰ أَجَلٍ مُسَمًّى ثُمَّ نُخْرِجُكُمْ طِفْلًا ثُمَّ لِتَبْلُغُوا أَشُدَّكُمْ ۖ وَمِنْكُمْ مَنْ يُتَوَفَّىٰ وَمِنْكُمْ مَنْ يُرَدُّ إِلَىٰ أَرْذَلِ الْعُمُرِ لِكَيْلَا يَعْلَمَ مِنْ بَعْدِ عِلْمٍ شَيْئًا ۚ وَتَرَى الْأَرْضَ هَامِدَةً فَإِذَا أَنْزَلْنَا عَلَيْهَا الْمَاءَ اهْتَزَّتْ وَرَبَتْ وَأَنْبَتَتْ مِنْ كُلِّ زَوْجٍ بَهِيجٍ
Ей, адамдар! Егер қайта тірілуге күмәнда болсаңдар, күмәнсіз Біз сендерге баяндап түсіндіру үшін, сендерді Адам атаны топырақтан, кейін оның ұрпағын тамшы судан ұрық суынан , содан кейін ұйыған қаннан, содан соң жаратылуы кескінделген не кескінделмеген шайналған секілді еттен жараттық. Әрі Біз қалағанымызды жатырларда белгіленген мерзімге дейін орналастырамыз. Содан соң сендерді ержетулерің үшін нәресте күйлеріңде шығарамыз. Сендерден кейбірің қайтыс болып және кейбірің білгенінен кейін еш нәрсені білмей қалатын дәрежедегі өмірдің ең нашарына қаусағанкәрілікке қайтарылатындар бар. Сен жерді қуарған, тіршіліксіз күйде көресің. Ал, қашан оған су түсіргенімізде, тіршілік бітіп ол қопсып, көтеріліп, әрбір түрден көркем етіп өнім өсіреді
ذَٰلِكَ بِأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْحَقُّ وَأَنَّهُ يُحْيِي الْمَوْتَىٰ وَأَنَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Осы Аллаһтың ақиқат екендігінен. Әрі, күмәнсіз Ол өлілерді тірілтеді, әрі Ол барлық нәрсені Жасай алушы
وَأَنَّ السَّاعَةَ آتِيَةٌ لَا رَيْبَ فِيهَا وَأَنَّ اللَّهَ يَبْعَثُ مَنْ فِي الْقُبُورِ
Әрі Сағат Қайта тірілу күні сөзсіз келеді, онда күмән жоқ және Аллаһ қабірдегілерді күмәнсіз тірілтеді
وَمِنَ النَّاسِ مَنْ يُجَادِلُ فِي اللَّهِ بِغَيْرِ عِلْمٍ وَلَا هُدًى وَلَا كِتَابٍ مُنِيرٍ
Сондай-ақ, адамдардың арасында білімсіз, тура жолға бастайтын басшылықсыз және жарық беруші Кітапсыз Аллаһ жайында тартысатын бар
ثَانِيَ عِطْفِهِ لِيُضِلَّ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ ۖ لَهُ فِي الدُّنْيَا خِزْيٌ ۖ وَنُذِيقُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَذَابَ الْحَرِيقِ
Ол, Аллаһтың жолынан адастыру үшін паңсына бетін теріс бұрады. Оған осы дүниеде қорлық бар. Ал, Қайта тірілу күні оған жандырушы оттың азабын таттырамыз
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
