Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Fath Ayahs #7 Translated in Kazakh

وَيَنْصُرَكَ اللَّهُ نَصْرًا عَزِيزًا
әрі Аллаһтың саған ұлы көмекпен жәрдем беруі үшін
هُوَ الَّذِي أَنْزَلَ السَّكِينَةَ فِي قُلُوبِ الْمُؤْمِنِينَ لِيَزْدَادُوا إِيمَانًا مَعَ إِيمَانِهِمْ ۗ وَلِلَّهِ جُنُودُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَلِيمًا حَكِيمًا
Ол иманға келгендердің имандарын арттыру үшін олардың жүректеріне сакина тыныштық түсірді. Аспандар мен жердің әскерлері Аллаһтікі. Аллаһ бәрін Білуші , аса Дана
لِيُدْخِلَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا وَيُكَفِّرَ عَنْهُمْ سَيِّئَاتِهِمْ ۚ وَكَانَ ذَٰلِكَ عِنْدَ اللَّهِ فَوْزًا عَظِيمًا
і/ Әрі бүл жеңіс иманды ерлер мен иманды әйелдерді астынан өзендер ағып жататын, олар онда мәңгі қалатын Жәннаттағы бақтарға кіргізуі және олардың жамандықтарын кешіру үшін. Бұл Аллаһтың алдында ұлы табыс
وَيُعَذِّبَ الْمُنَافِقِينَ وَالْمُنَافِقَاتِ وَالْمُشْرِكِينَ وَالْمُشْرِكَاتِ الظَّانِّينَ بِاللَّهِ ظَنَّ السَّوْءِ ۚ عَلَيْهِمْ دَائِرَةُ السَّوْءِ ۖ وَغَضِبَ اللَّهُ عَلَيْهِمْ وَلَعَنَهُمْ وَأَعَدَّ لَهُمْ جَهَنَّمَ ۖ وَسَاءَتْ مَصِيرًا
Әрі Аллаһқа байланысты жаман ой ойлаған мұнафиқ ерлер мен мұнафиқ әйелдерді және Аллаһқа серік қосушы ерлер мен серік қосушы әйелдерді азаптауы үшін. Жамандық олардың өздеріне қайтады. Аллаһ оларға ашуланды, оларды лағнет етті және оларға Жаһаннамды дайындады. Ол баратын орын неткен жаман
وَلِلَّهِ جُنُودُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَزِيزًا حَكِيمًا
Аспандар мен жердің әскерлері Аллаһтікі. Аллаһ өте Үстем , аса Дана

Choose other languages: