Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anfal Ayahs #10 Translated in Kazakh

8:6
يُجَادِلُونَكَ فِي الْحَقِّ بَعْدَمَا تَبَيَّنَ كَأَنَّمَا يُسَاقُونَ إِلَى الْمَوْتِ وَهُمْ يَنْظُرُونَ
Олар сенімен ақиқат анықталғаннан кейін де ол жөнінде тартысқан еді, бейне бір өлімге айдалып бара жатқанын көріп тұрғандай
8:7
وَإِذْ يَعِدُكُمُ اللَّهُ إِحْدَى الطَّائِفَتَيْنِ أَنَّهَا لَكُمْ وَتَوَدُّونَ أَنَّ غَيْرَ ذَاتِ الشَّوْكَةِ تَكُونُ لَكُمْ وَيُرِيدُ اللَّهُ أَنْ يُحِقَّ الْحَقَّ بِكَلِمَاتِهِ وَيَقْطَعَ دَابِرَ الْكَافِرِينَ
Сонда, Аллаһ сендерге екі топтың керуен мен әскер бірі сендердікі болатынын уәде еткен еді. Сендер қарусыз топтың керуеннің өздеріңдікі болуын қаладыңдар. Ал, Аллаһ Өзінің сөздері арқылы ақиқатты шындыққа шығаруды және кәпірлердің соңын үзуді жоюды қалайды
8:8
لِيُحِقَّ الْحَقَّ وَيُبْطِلَ الْبَاطِلَ وَلَوْ كَرِهَ الْمُجْرِمُونَ
қылмыскерлер жек көрсе де ақиқатты шындыққа шығару және жалғанды бекер ету үшін
8:9
إِذْ تَسْتَغِيثُونَ رَبَّكُمْ فَاسْتَجَابَ لَكُمْ أَنِّي مُمِدُّكُمْ بِأَلْفٍ مِنَ الْمَلَائِكَةِ مُرْدِفِينَ
Сол кезде, сендер өздеріңнің Раббыңнан жәрдем тілегендеріңде Ол: «Сендерге бірінен кейін бірі ерген мың періштемен көмек беремін», деп жауап берді
وَمَا جَعَلَهُ اللَّهُ إِلَّا بُشْرَىٰ وَلِتَطْمَئِنَّ بِهِ قُلُوبُكُمْ ۚ وَمَا النَّصْرُ إِلَّا مِنْ عِنْدِ اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
Аллаһ мұны сендерге қуанышты ха­бар ретінде әрі осы арқылы жүректеріңнің орнығуы үшін істеді. Көмек тек қана Аллаһтан. Ақиқатында, Аллаһ бәрінен Үстем, аса Дана

Choose other languages: