Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #149 Translated in Kazakh

قُلْ لَا أَجِدُ فِي مَا أُوحِيَ إِلَيَّ مُحَرَّمًا عَلَىٰ طَاعِمٍ يَطْعَمُهُ إِلَّا أَنْ يَكُونَ مَيْتَةً أَوْ دَمًا مَسْفُوحًا أَوْ لَحْمَ خِنْزِيرٍ فَإِنَّهُ رِجْسٌ أَوْ فِسْقًا أُهِلَّ لِغَيْرِ اللَّهِ بِهِ ۚ فَمَنِ اضْطُرَّ غَيْرَ بَاغٍ وَلَا عَادٍ فَإِنَّ رَبَّكَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Айт: «Өзіме уахи етілгеннің ішінде, азықтанушы үшін өлекседен, ағызылған қаннан, доңыз етінен немесе бойсұнбаушылық ретінде, Аллаһтан өзгеге арналып сойылғаннан басқаны азық етуге тыйым салынғанын таппадым. Ал, бұл аталғандар харам тыйым салынған . Алайда кім мәжбүр болып, бірақ өзі қаламай әрі шектен өтпей жесе , ақиқатында Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді » деп
وَعَلَى الَّذِينَ هَادُوا حَرَّمْنَا كُلَّ ذِي ظُفُرٍ ۖ وَمِنَ الْبَقَرِ وَالْغَنَمِ حَرَّمْنَا عَلَيْهِمْ شُحُومَهُمَا إِلَّا مَا حَمَلَتْ ظُهُورُهُمَا أَوِ الْحَوَايَا أَوْ مَا اخْتَلَطَ بِعَظْمٍ ۚ ذَٰلِكَ جَزَيْنَاهُمْ بِبَغْيِهِمْ ۖ وَإِنَّا لَصَادِقُونَ
Иудейлікті ұстанғандарға әрбір мал, құстан тырнақтыны тыйым салдық. Сондай-ақ сиырдың және қойдың жон арқасындағы қатпар майы, ішек майы, не жілік майынан басқа майларына тыйым салдық. Бұны Оларға шектен шыққандықтары үшін жаза етіп бердік. Ақиқатында, Біз шын сөздіміз
فَإِنْ كَذَّبُوكَ فَقُلْ رَبُّكُمْ ذُو رَحْمَةٍ وَاسِعَةٍ وَلَا يُرَدُّ بَأْسُهُ عَنِ الْقَوْمِ الْمُجْرِمِينَ
Ей, Мұхаммед! Егер олар сені өтірікші санаса, айт: «Раббыңыз өте кең мейірім Иесі. Ал, Оның азабы қылмыскер күнәһар адамдардан қайтарылмайды»,деп
سَيَقُولُ الَّذِينَ أَشْرَكُوا لَوْ شَاءَ اللَّهُ مَا أَشْرَكْنَا وَلَا آبَاؤُنَا وَلَا حَرَّمْنَا مِنْ شَيْءٍ ۚ كَذَٰلِكَ كَذَّبَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ حَتَّىٰ ذَاقُوا بَأْسَنَا ۗ قُلْ هَلْ عِنْدَكُمْ مِنْ عِلْمٍ فَتُخْرِجُوهُ لَنَا ۖ إِنْ تَتَّبِعُونَ إِلَّا الظَّنَّ وَإِنْ أَنْتُمْ إِلَّا تَخْرُصُونَ
Аллаһқа серік қосушылар мүшріктер : «Егер Аллаһ қалағанда, біз де, аталарымыз да серік қоспас едік, әрі еш нәрсеге тыйым салмас едік», дейді. Олардан бұрынғылар да біздің азабымызды тартқанға дейін, осылай өтірік санаған болатын. Айт: «Сендерде қандай да бір білім бар ма? Онда оны бізге шығарыңдар. Негізінде, сендер бос ой-жорамалға ғана ересіңдер әрі тек өтірік айтасыңдар», деп
قُلْ فَلِلَّهِ الْحُجَّةُ الْبَالِغَةُ ۖ فَلَوْ شَاءَ لَهَدَاكُمْ أَجْمَعِينَ
Ей, Мұхаммед! «Ең айқын дәлел Аллаһта. Ол қалағанда, барлығыңды да тура жолға салар еді», деп айт

Choose other languages: