Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #105 Translated in Kazakh

بَدِيعُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ أَنَّىٰ يَكُونُ لَهُ وَلَدٌ وَلَمْ تَكُنْ لَهُ صَاحِبَةٌ ۖ وَخَلَقَ كُلَّ شَيْءٍ ۖ وَهُوَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
Ол аспандарды және жерді жоқтан бар Етуші. Оның жұбайы болмаса,Оның баласы қалайша болады?! Сондай-ақ, Ол әрбір нәрсені жаратты және Ол барлық нәрсені Білуші
ذَٰلِكُمُ اللَّهُ رَبُّكُمْ ۖ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۖ خَالِقُ كُلِّ شَيْءٍ فَاعْبُدُوهُ ۚ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ وَكِيلٌ
Міне осы Аллаһ сендердің Раббың. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Әрі Ол барлық нәрсені Жаратушы. Оған құлшылық қылыңдар. Ол әрбір нәрсені қорғап, Сақтаушы
لَا تُدْرِكُهُ الْأَبْصَارُ وَهُوَ يُدْرِكُ الْأَبْصَارَ ۖ وَهُوَ اللَّطِيفُ الْخَبِيرُ
Көздер Оған жете алмайды. Ол көздерге жетеді қамтиды ,Ол өте Жұмсақ, бәрінен Хабардар
قَدْ جَاءَكُمْ بَصَائِرُ مِنْ رَبِّكُمْ ۖ فَمَنْ أَبْصَرَ فَلِنَفْسِهِ ۖ وَمَنْ عَمِيَ فَعَلَيْهَا ۚ وَمَا أَنَا عَلَيْكُمْ بِحَفِيظٍ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Анығында, сендерге Раббыңыздан көрнекі ашық көрінетін дәлелдер келді. Кім оны көріп, таныса, өзі үшін. Ал кім оған соқыр болса, зияны өзіне. Мен сендерді күзетуші емеспін», деп
وَكَذَٰلِكَ نُصَرِّفُ الْآيَاتِ وَلِيَقُولُوا دَرَسْتَ وَلِنُبَيِّنَهُ لِقَوْمٍ يَعْلَمُونَ
Біз аят-белгілерімізді осылай жанжақты етіп түсіндіреміз, әрі олар: «Оқып үйренгенсің»,- деп айтуы үшін және білетін адамдарға анықтап беруіміз үшін

Choose other languages: