Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ahzab Ayahs #12 Translated in Kazakh

لِيَسْأَلَ الصَّادِقِينَ عَنْ صِدْقِهِمْ ۚ وَأَعَدَّ لِلْكَافِرِينَ عَذَابًا أَلِيمًا
сөйтіп, шын сөзділерден олардың адалдықтары туралы сұрау үшін. Әрі Ол кәпірлерге күйзелтуші азап әзірледі
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اذْكُرُوا نِعْمَةَ اللَّهِ عَلَيْكُمْ إِذْ جَاءَتْكُمْ جُنُودٌ فَأَرْسَلْنَا عَلَيْهِمْ رِيحًا وَجُنُودًا لَمْ تَرَوْهَا ۚ وَكَانَ اللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرًا
Ей, иманға келгендер! Аллаһтың өздеріңе жасаған игілігін естеріңе алыңдар. Сонда сендерге әскерлер келген кезде, Біз Оларға қарсы жел және сендер көрмейтін әскер жібердік. Аллаһ не істеп жатқандарыңды Көруші
إِذْ جَاءُوكُمْ مِنْ فَوْقِكُمْ وَمِنْ أَسْفَلَ مِنْكُمْ وَإِذْ زَاغَتِ الْأَبْصَارُ وَبَلَغَتِ الْقُلُوبُ الْحَنَاجِرَ وَتَظُنُّونَ بِاللَّهِ الظُّنُونَا
Сол кезде олар сендерге жоғарғы және төменгі жақтарыңнан келген еді. Сонда көздерің шарасынан шығып, жүректерің алқымға жетіп, сендер Аллаһ жайында түрлі ойға барған едіңдер
هُنَالِكَ ابْتُلِيَ الْمُؤْمِنُونَ وَزُلْزِلُوا زِلْزَالًا شَدِيدًا
Сол жерде имандылар мүміндер сыналып, олар қатты сілкініспен шайқатылды
وَإِذْ يَقُولُ الْمُنَافِقُونَ وَالَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ مَرَضٌ مَا وَعَدَنَا اللَّهُ وَرَسُولُهُ إِلَّا غُرُورًا
Әрі сонда мұнафиқтар мен жүректерінде дерті барлар: «Аллаһ және Оның Елшісінің бізге берген уәдесі тек бос нәрсе алдау ғана екен»,- деді

Choose other languages: