Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ahzab Ayahs #44 Translated in Kazakh

مَا كَانَ مُحَمَّدٌ أَبَا أَحَدٍ مِنْ رِجَالِكُمْ وَلَٰكِنْ رَسُولَ اللَّهِ وَخَاتَمَ النَّبِيِّينَ ۗ وَكَانَ اللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمًا
Мұхаммед сендерден ешбір ер кісілердің әкесі емес, бірақ, Аллаһтың Елшісі әрі пайғамбарлардың соңы. Аллаһ барлық нәрсені Білуші
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اذْكُرُوا اللَّهَ ذِكْرًا كَثِيرًا
Ей, иманға келгендер! Аллаһты жиі-жиі, көп еске алыңдар
وَسَبِّحُوهُ بُكْرَةً وَأَصِيلًا
әрі таңертең және кешке Оны дәріптеңдер
هُوَ الَّذِي يُصَلِّي عَلَيْكُمْ وَمَلَائِكَتُهُ لِيُخْرِجَكُمْ مِنَ الظُّلُمَاتِ إِلَى النُّورِ ۚ وَكَانَ بِالْمُؤْمِنِينَ رَحِيمًا
Ол сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін сендерге мейірім етеді, әрі Оның періштелері де сендерге салауат айтады . Ол имандыларға ерекше Мейірімді
تَحِيَّتُهُمْ يَوْمَ يَلْقَوْنَهُ سَلَامٌ ۚ وَأَعَدَّ لَهُمْ أَجْرًا كَرِيمًا
Олардың Онымен Аллаһпен жолығатын күнгі амандасулары: «Сәлам Амандық болсын !» сөзі . Ол оларға көркем, мол сый дайындаған

Choose other languages: