Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ahzab Ayahs #37 Translated in Kazakh

وَقَرْنَ فِي بُيُوتِكُنَّ وَلَا تَبَرَّجْنَ تَبَرُّجَ الْجَاهِلِيَّةِ الْأُولَىٰ ۖ وَأَقِمْنَ الصَّلَاةَ وَآتِينَ الزَّكَاةَ وَأَطِعْنَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ ۚ إِنَّمَا يُرِيدُ اللَّهُ لِيُذْهِبَ عَنْكُمُ الرِّجْسَ أَهْلَ الْبَيْتِ وَيُطَهِّرَكُمْ تَطْهِيرًا
Әрі үйлеріңде отырыңдар және алдыңғы исламға дейінгі надандық кезеңінде ашық жүрген секілді ашылмаңдар көріктеріңді ашпаңдар .ШНамазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындаңдар, зекетті беріңдер және Аллаһқа әрі Оның Елшісіне бойсұныңдар. Ей, Пайғамбардың үй іші! Аллаһ сендерден ластықты кетіруді және сендерді толық тазартуды ғана қалайды
وَاذْكُرْنَ مَا يُتْلَىٰ فِي بُيُوتِكُنَّ مِنْ آيَاتِ اللَّهِ وَالْحِكْمَةِ ۚ إِنَّ اللَّهَ كَانَ لَطِيفًا خَبِيرًا
Әрі үйлеріңде Аллаһтың аяттарынан және даналықтан оқылғанды еске алыңдар. Ақиқатында, Аллаһ өте Жұмсақ, Мейірбан, бәрінен Хабардар
إِنَّ الْمُسْلِمِينَ وَالْمُسْلِمَاتِ وَالْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ وَالْقَانِتِينَ وَالْقَانِتَاتِ وَالصَّادِقِينَ وَالصَّادِقَاتِ وَالصَّابِرِينَ وَالصَّابِرَاتِ وَالْخَاشِعِينَ وَالْخَاشِعَاتِ وَالْمُتَصَدِّقِينَ وَالْمُتَصَدِّقَاتِ وَالصَّائِمِينَ وَالصَّائِمَاتِ وَالْحَافِظِينَ فُرُوجَهُمْ وَالْحَافِظَاتِ وَالذَّاكِرِينَ اللَّهَ كَثِيرًا وَالذَّاكِرَاتِ أَعَدَّ اللَّهُ لَهُمْ مَغْفِرَةً وَأَجْرًا عَظِيمًا
Ақиқатында Мұсылман бойсұнушы ерлер және Мұсылман әйелдерге, мүмін иманды ерлер және мүмін әйелдерге, бағынушы ерлер және бағынушы әйелдерге, шын сөзді сөзін амалымен растаушы ерлер және шын сөзді әйелдерге, сабыр етуші ерлер және сабыр етуші әйелдерге, Аллаһқа беріле бойсұнушы ерлер және Аллаһқа беріле бойсұнушы әйелдерге, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдерге, ораза тұтушы ерлер және ораза тұтушы әйелдерге, ұятты жерлерін еркектік пәктігін қорғаушы ерлер және әйелдік пәктігін қорғаушы әйелдерге, Аллаһты көп еске алушы ерлер және Аллаһты көп еске алушы әйелдерге Аллаһ кешірім әрі ұлы сый жәннатты дайындады
وَمَا كَانَ لِمُؤْمِنٍ وَلَا مُؤْمِنَةٍ إِذَا قَضَى اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَمْرًا أَنْ يَكُونَ لَهُمُ الْخِيَرَةُ مِنْ أَمْرِهِمْ ۗ وَمَنْ يَعْصِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَقَدْ ضَلَّ ضَلَالًا مُبِينًا
Аллаһ және Оның Елшісі қашан бір іске үкім етсе, ешбір иманды ер мен иманды әйелге ол істі өз білгеніне, таңдауға салуына болмайды. Ал кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнбаса, онда анық адасуға түсті
وَإِذْ تَقُولُ لِلَّذِي أَنْعَمَ اللَّهُ عَلَيْهِ وَأَنْعَمْتَ عَلَيْهِ أَمْسِكْ عَلَيْكَ زَوْجَكَ وَاتَّقِ اللَّهَ وَتُخْفِي فِي نَفْسِكَ مَا اللَّهُ مُبْدِيهِ وَتَخْشَى النَّاسَ وَاللَّهُ أَحَقُّ أَنْ تَخْشَاهُ ۖ فَلَمَّا قَضَىٰ زَيْدٌ مِنْهَا وَطَرًا زَوَّجْنَاكَهَا لِكَيْ لَا يَكُونَ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ حَرَجٌ فِي أَزْوَاجِ أَدْعِيَائِهِمْ إِذَا قَضَوْا مِنْهُنَّ وَطَرًا ۚ وَكَانَ أَمْرُ اللَّهِ مَفْعُولًا
Ей, Мұхаммед! Міне, кезінде сен Аллаһ оған игілік бергенге әрі өзің де игілік еткенге: «Әйелінді өзіңде ұста әрі Аллаһтан Оның тыйымдарынан қорқып, сақтан», дедің. Аллаһ саған уахи етіп анық білдіргенді ішіңде жасыруда әрі адамдардың дұрыс түсінбеуінен қорқуда едің. Алайда қорқуыңа бәрінен де Аллаһ лайықты. Зәйд ол әйелде одан қажетін бітірген онымен айрылысқан кезде, Біз сені оған Зәйнабқа үйлендірдік. бұл имандыларға мүміндерге , асырап алған балалары әйелдерінен қажетін аяқтаған айрылысқан кезде, Оларға қатысты ешбір айып болмауы үшін. Аллаһтың бұйрығы міндетті түрде орындалады

Choose other languages: