Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ahzab Ayahs #5 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ اتَّقِ اللَّهَ وَلَا تُطِعِ الْكَافِرِينَ وَالْمُنَافِقِينَ ۗ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلِيمًا حَكِيمًا
Ей, Пайғамбар! Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтан және кәпірлер мен мұнафиқтарға бағынба. Ақиқатында, Аллаһ бәрін Білуші , аса Дана
وَاتَّبِعْ مَا يُوحَىٰ إِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ ۚ إِنَّ اللَّهَ كَانَ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرًا
Әрі Раббыңнан өзіңе уахи етілгенге ер. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан әлбетте, Хабардар
وَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ ۚ وَكَفَىٰ بِاللَّهِ وَكِيلًا
Әрі Аллаһқа жүгініп, ісіңді Оған тапсыр тәуекел ет . Аллаһ сенім артылушы, қорғаушы Уакил ретінде жеткілікті
مَا جَعَلَ اللَّهُ لِرَجُلٍ مِنْ قَلْبَيْنِ فِي جَوْفِهِ ۚ وَمَا جَعَلَ أَزْوَاجَكُمُ اللَّائِي تُظَاهِرُونَ مِنْهُنَّ أُمَّهَاتِكُمْ ۚ وَمَا جَعَلَ أَدْعِيَاءَكُمْ أَبْنَاءَكُمْ ۚ ذَٰلِكُمْ قَوْلُكُمْ بِأَفْوَاهِكُمْ ۖ وَاللَّهُ يَقُولُ الْحَقَّ وَهُوَ يَهْدِي السَّبِيلَ
Аллаһ адам үшін оның ішінде екі жүрек жасаған жоқ. Әрі Ол зиһар еткен аналарыңа ұқсату арқылы өздеріңе тыйым салған әйелдеріңді сендерге аналарың етпеді және Ол асырап алған балаларыңды да өз бел балаларың етпеді. Бұл тек ауызекі айтқан сөздерің. Ал Аллаһ шындықты айтады әрі Ол тура жолмен жүргізеді
ادْعُوهُمْ لِآبَائِهِمْ هُوَ أَقْسَطُ عِنْدَ اللَّهِ ۚ فَإِنْ لَمْ تَعْلَمُوا آبَاءَهُمْ فَإِخْوَانُكُمْ فِي الدِّينِ وَمَوَالِيكُمْ ۚ وَلَيْسَ عَلَيْكُمْ جُنَاحٌ فِيمَا أَخْطَأْتُمْ بِهِ وَلَٰكِنْ مَا تَعَمَّدَتْ قُلُوبُكُمْ ۚ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا
Оларды асыранды балаларды өз әкелерімен атаңдар. Бұл, Аллаһтың алдында әділділірек. Егер олардың әкелерін білмесеңдер, онда олар діндегі бауырларың әрі дос-жақындарың. Сендерге ол жөнінде қателескендерің үшін күнә жоқ, егер тек жүректеріңмен әдейі ниеттенген болмасаңдар. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

Choose other languages: