Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #80 Translated in Kazakh

بَلَىٰ مَنْ أَوْفَىٰ بِعَهْدِهِ وَاتَّقَىٰ فَإِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُتَّقِينَ
Олай емес! Кім сертін орындаса және тақуа болса Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса , сөзсіз, Аллаһ тақуаларды Өзіне бойсұнып, жазасынан сақтанушыларды жақсы көреді
إِنَّ الَّذِينَ يَشْتَرُونَ بِعَهْدِ اللَّهِ وَأَيْمَانِهِمْ ثَمَنًا قَلِيلًا أُولَٰئِكَ لَا خَلَاقَ لَهُمْ فِي الْآخِرَةِ وَلَا يُكَلِّمُهُمُ اللَّهُ وَلَا يَنْظُرُ إِلَيْهِمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَلَا يُزَكِّيهِمْ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Ақиқатында, Аллаһқа берген сертін және өздерінің анттарын болмашы бағаға сататындар міне, соларға соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте үлес жоқ. Қайта тірілу күні Аллаһ оларға сөйлемейді, оларға қарамайды әрі оларды тазартпайды. Сондай-ақ оларға күйзелтуші азап бар
وَإِنَّ مِنْهُمْ لَفَرِيقًا يَلْوُونَ أَلْسِنَتَهُمْ بِالْكِتَابِ لِتَحْسَبُوهُ مِنَ الْكِتَابِ وَمَا هُوَ مِنَ الْكِتَابِ وَيَقُولُونَ هُوَ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ وَمَا هُوَ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ وَيَقُولُونَ عَلَى اللَّهِ الْكَذِبَ وَهُمْ يَعْلَمُونَ
Ақиқатында, олардың ішінде Кітапта жоқ нәрсені Кітапта бар деп есептеулерің үшін Кітапты тілдерін бұрап өзгертіп әрі Аллаһтан болмаса да: «Бұл Аллаһтан», деп айтатын бір топ бар. Олар біле тұрып Аллаһ атынан өтірік айтады
مَا كَانَ لِبَشَرٍ أَنْ يُؤْتِيَهُ اللَّهُ الْكِتَابَ وَالْحُكْمَ وَالنُّبُوَّةَ ثُمَّ يَقُولَ لِلنَّاسِ كُونُوا عِبَادًا لِي مِنْ دُونِ اللَّهِ وَلَٰكِنْ كُونُوا رَبَّانِيِّينَ بِمَا كُنْتُمْ تُعَلِّمُونَ الْكِتَابَ وَبِمَا كُنْتُمْ تَدْرُسُونَ
Аллаһ бір адамға Кітап, үкім және пайғамбарлық бергеннен кейін, оның адамдарға: «Аллаһты қойып, маған құл болыңдар», деп айтуы лайық емес. Керісінше: «Кітапты үйреткендерің әрі өздерің үйренгендеріңдей өздеріңнің Раббыңа берілгендерден болыңдар», деп айтуы лайықты
وَلَا يَأْمُرَكُمْ أَنْ تَتَّخِذُوا الْمَلَائِكَةَ وَالنَّبِيِّينَ أَرْبَابًا ۗ أَيَأْمُرُكُمْ بِالْكُفْرِ بَعْدَ إِذْ أَنْتُمْ مُسْلِمُونَ
Әрі оның сендерге періштелер мен пайғамбарларды құдайлар етіп алуды бұйыруына болмайды. Мұсылман болғандарыңнан кейін ол Елші сендерді күпірлікке Аллаһқа серік қосуға бұйыра ма

Choose other languages: