Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #47 Translated in Kazakh

يَا مَرْيَمُ اقْنُتِي لِرَبِّكِ وَاسْجُدِي وَارْكَعِي مَعَ الرَّاكِعِينَ
Ей, Мәриям! Раббыңа бойсұна беріл, сәжде жаса және рукуғ етушілермен бірге рукуғ ет», деді
ذَٰلِكَ مِنْ أَنْبَاءِ الْغَيْبِ نُوحِيهِ إِلَيْكَ ۚ وَمَا كُنْتَ لَدَيْهِمْ إِذْ يُلْقُونَ أَقْلَامَهُمْ أَيُّهُمْ يَكْفُلُ مَرْيَمَ وَمَا كُنْتَ لَدَيْهِمْ إِذْ يَخْتَصِمُونَ
Ей, Мұхаммед! Бұл Біз саған уахи етіп отырған ғайып хабарлардың бірі. Негізінде, олар ғибадатхана өкілдері Мәриямды қарауына қайсысы алатынына анықтау үшін қаламдарын жеребе етіп тастағанда, сен олардың қасында болған жоқсың. Әрі олар тартысқан кезде де қастарында жоқ едің
إِذْ قَالَتِ الْمَلَائِكَةُ يَا مَرْيَمُ إِنَّ اللَّهَ يُبَشِّرُكِ بِكَلِمَةٍ مِنْهُ اسْمُهُ الْمَسِيحُ عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ وَجِيهًا فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ وَمِنَ الْمُقَرَّبِينَ
Сол кезде періштелер: «Ей, Мәриям! Ақиқатында Аллаһ сені Өз тарапынан болған бір Сөзбен сүйіншілейді. Оның есімі Иса Мәсих Мәриям ұлы, ол осы өмірде әрі соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте абыройлы әрі Аллаһқа жақындатылғандардан болады
وَيُكَلِّمُ النَّاسَ فِي الْمَهْدِ وَكَهْلًا وَمِنَ الصَّالِحِينَ
Әрі ол адамдарға бесікте сөйлейді және ержеткен кезінде де. Әрі ол ізгілерден болады
قَالَتْ رَبِّ أَنَّىٰ يَكُونُ لِي وَلَدٌ وَلَمْ يَمْسَسْنِي بَشَرٌ ۖ قَالَ كَذَٰلِكِ اللَّهُ يَخْلُقُ مَا يَشَاءُ ۚ إِذَا قَضَىٰ أَمْرًا فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُ كُنْ فَيَكُونُ
Мәриям . «Раббым! Менде қалайша бала болады, егер маған ешбір адам тиіспеген болса?!» деді. Періште : «Осылай, Аллаһ қалағанын жаратады. Қашан Ол бір іске шешім шығарса, оған тек қана «Бол!» дейді, сонда ол бола қалады», деді

Choose other languages: